Атырауда жалғызбасты әрі көпбалалы аналар баспанасыз жүр
Описание
Атырауда жалғызбасты әрі көпбалалы аналар баспанасыз жүр. Оларға не уақытша жатақхана қарастырылмаған. Бұл аздай жәрдемақы да берілмейтін көрінеді. Ана мен бала құқығын қорғайтын ондаған мекеме жұмыс істегенімен, қақаған қыста панасыз жүрген жандарға тиісті көмек көрсете алмай отыр.
Ажар Еспусинованың үш баласын бауырына басып, шабаданын қолтығына қысып сенделіп жүргеніне сегіз айдан астам уақыт өткен. Жолдасымен ажырасқалы бері туыстары мен достарының табалдырығын тоздырған. Бүгінде ол үш-ақ күнге ағасының жалдамалы пәтеріне келіп бас сауғалады. Ал жас ана болса, сәбилеріне дұрыс тәрбие бере алмадым ба деп қапалы. Баспананы жалға алуға да қауқарсыз. Өйткені үш айда бір рет берілетін 15 мың теңге жәрдемақым ішіп-жемнен артылмайды дейді.
А.Еспусинова, жалғызбасты ана:
Мен осылай 3 баламен , үй жоқ, ағамның үйінде, кей кезде апамның үйінде жүрем үш күн сайын. Жұмыс жасайын десем балаларым кішкентай. Кезекте 3295-ші болып тіркеліп тұрмын. Оны бәлембай жылсыз бермейді ғой... Күйеуімнен көмек жоқ.
Ал, төрт баласын кезекпен көретін Айгүл Шаймеденованың да жағдайы мәз емес. Бір баласы қайын атасының қолында болса, бір перзенті интернатта. Бар тілегі бауыр еті балаларын бір шаңырақ астына жинау. Бірақ, бұл арманы алдағы он жылдықта орындала қоюы екіталай. Өйткені үй алу үшін кезекке тұрғанына небәрі жарты жыл ғана болған.
А.Шаймеденова көпбалалы ана:
Осы жерле он екі болып тұрамыз. Күн сайын звондайды, "мама алып кетші ",- деп.
Ал балалардың құқығын қорғау басқармасы камераға жауап беруден бас тартты. Есесіне бір бет хат жолдапты. Онда бұл мәселеге